Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамбет, калбит, Мырқымбай. Қазақстанда қандай сөздерді айтпауға кеңес беріледі

Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің консулдық ақпараттық бөлімі шетелге шығатын ресейлік азаматтар үшін ескертпелер ұсынды.

__2

Шетелге демалуға баратындарға жергілікті тұрғындардың көзінше сол елдің асханасына сын айтуға, адамға қарап қолды шошайтып сөйлеуге (ол кей елдерде адамды кемсітушілік болып саналады), мүмкіндігінше адамнан 50-60 см алшақ тұруға, қара нәсілділер тұратын елде “негр” немесе “ниггер” сөзін айтпауға кеңес береді.

Бұл келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында жасалып отыр. Бұл Қазақстанға баратын ресейлік азаматтарға да қатысты.

“Қазақтар өзара бір-біріне ерсі сөздер айтады. Алайда, ол сөздерді Ресей азаматтарының қолданбағаны абзал”, – делінген хабарламада.

“Мамбет” – адамның ауылдан шыққанын меңзейтін кемсітуші сөз. “Мәдениетсіз, білімсіз” деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, орыс тілінде дұрыс сөйлей алмайтындарды да “мамбет” деп кемсітіп жатады.

“Калбит” – Орта Азия ұлттарына қатысты айтылатын кемсітуші сөз.

“Топас”, “ақымақ” – придурок, дурак, тупой.

“Мырк”, “мырқымбай” – өмірі жол  болмайтын, сәтсіздікке ұшырап жүретін адам.

Сонымен қатар Қазақстандағы саны аз этнос өкілдеріне олардың шыққан тегі жайлы сөз қозғамауға кеңес берілді. Ол бөлінушілікті, өзін өзгеден жоғары қойғандығын білдіреді.

Талқылау