Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 ер адам бір қызды жабылып зорлады": жәбірленушіні "жала жапты деп" сотқа бермек 

Бір топ болып зорлады деп 14 адамды айыптаған бойжеткенді ауыл тұрғындары жалған жала жапқаны үшін сотқа бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Күдіктілердің ата-анасы полиция қызметкерлері жігіттердің мазасын қайта-қайта ала берді деп шағымданып жатыр. 

"Біздің балаларымыз әкелікті анықтайтын ДҢҚ-тесттен өтті. Олардың ешқайсысы баланың әкесі болып шықпады. Енді тестті қайтадан тапсырсын деп жатыр! Қылмыстық істің аясында оны тегін тапсыруға болатындықтан біз Қостанайға баруға мәжбүрміз. Қалада біз өз ақшамыға 3-4 күн тұрамыз", — дейді ауыл тұрғындары.

Жәбір шеккен қыздың қорғаушысы сараптама нәтижесіне күмән келтіргендіктен Екідің ауылының 13 азаматы қайтадан ДҢҚ-тестін тапсырады. 

"Бұл қанша уақыт бойы қайталана береді! Біз бұл қызды білеміз. Ол басқа ауылдарға барған, Алматыда да болды. Енді сол жақтан да ДҢҚ-тест үшін материал алу керек пе? Біздің балаларымыз жалған жала жапқаны үшін арыз жазуға дайын", — деп шағымданды ата-аналар.

Полиция департаментінде арыз жазған адам — жүктіліктің сегізінші айында жүрген бойжеткен екенін растады. Жергілікті тұрғын арсыз қылмысты 14 жігіттің жасағанын, солардың біреуінен екіқабат болғанын айтқан. 13 адам әкелікті растайтын тесттен өтті. Жәбірленуші 14-ші адамның келбетін есте сақтай алмай, кім екенін ұмытып қалғандықтан полиция оны таба алмады. 

"Осыған байланысты прокуратура істі қайтадан қолға алды. Біз жедел тергеу әдісі арқылы қызды зорлады деп айыпталған 14-ші жігітті анықтаймыз. Екідің ауылындағы ер адамдардың барлығынан және жақын маңайдағы екі ауылдың азаматтарынан жауап аламыз. Олардың арасынан қыздың жағдайына қатысы бар адамды тапсақ, ДҢҚ-тест үшін одан биоматериал аламыз. Әкелікті растағаннан кейін, онымен жұмыс істейміз, зорлықтың болғанын не болмағанын анықтаймыз", — дейді Қостанай облыстық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қанағат Шәуенов. 

Төрт ер адамның адвокаты Бектас Әміровтің пікірінше, қылмыс айғақтары болмаған соң, істі жауып тастау керек еді. 

"Тексерілген 13 адамның қылмысқа қатысы  жоқ деп санаймын. Неліктен оларды қайта тексеру қажет? Істі тоқтату керек. Ал менің қорғауымдағы ер адамдар бойжеткенді жалған жала жапқаны үшін сотқа беруі тиіс. Бұл үшін қылмыстық жаза көзделген", — дейді Әміров.  

Естеріңіге сала кетейік, осыған дейін адвокат Айман Омарова Қостанай облысының Арқалық ауданында 14 ер адамның бір қызды жабылып зорлағанын айтқан еді.

Талқылау