"133 жылжымайтын мүлік пен 35 автокөлік": Қоспаев ірі шаруа қожалығын басқарып, арыстандар мен аюларды ұстаған (видео)
Қаржы мониторингі агенттігі Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерінен тәркіленген мүлікті көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Агенттік жариялаған видеодан Алматыдағы Никольский базарын, Алматы облысындағы ірі шаруа қожалығы аумағындағы үйді және көптеген қымбат көліктерді байқауға болады.
Ведомствоның мәліметінше, Болат Назарбаевқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Қоспаевтың тобы мүшелері ұзақ жылдар бойы заңсыз жолмен 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер учаскесі, 35 премиум автокөлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша алған.
Фото: Видеодан скрин
"Қоспаев Алматы облысында ешбір құжатсыз, бассейні мен спорт залы бар сәнді саяжай тұрғызды. Онда ол асыл тұқымды жылқыларды өсіріп, жабайы жануарлардан құралған хайуанаттар бағын салды. Онда арыстандар мен аюлар және т.б жан-жануарлар болды", – делінген агенттік хабарламасында.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерінің нәтижесінде тергеу деректері бойынша 9,2 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.
Айта кетейік, бұған дейін Айдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеу барысында алаяқтар арестті заңсыз шешіп, Алматыдағы Никольский базарында тәркіленген мүлікті сатпақ болғаны туралы жазған едік.
Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын Алматыдағы "Сарыарқа", "Никольский" базарлары сүрілетіні туралы жазған едік.