Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

130 снаряд залалсыздандырылды: Арыста полиция қызметкерлері минасыздандыру жұмысын жүргізді

Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметшілерімен біріге отырып Арыстағы қауіп аймағынан снарядтарды минасыздандыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 130 снаряд залалсыздандырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. 

фото: otyrar.kz

Түркістан облысының әкімдігі хабарлағандай, Арыс аймағына аймақтық полиция департаментінің 448, әскери полицияның 10 қызметкері жүр. №0358 әскери бөлімінің 200 әскери қызметшісі  мен 75 арнайы автокөлік жұмылдырылған. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің 580 әскери қызметшісі, 36 автокөлігі тартылған. Халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін жол талғамайтын 10 «Урал» көлігі аттандырылды.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 1800 әскери қызметші жұмыс істеуде. Айта кетейік, кеше Ұлттық ұлан сарбаздары 3 ұрыны ұстаса, бүгін полиция қызметкерлері 4 ұрлық дерегін әшкереледі. Арыс аумағына кірудің алдын алу мақсатында қаланы айнала 20 бекет қойылған. 

Сондай-ақ, Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан соң қаланы күзетіп жүрген патрульдік полиция иесіз жүрген 37 қой мен 150 бас ірі қара малды күзетке алды.

Талқылау