Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"124 елдің ішінде 113-орында": Қазақстандықтар қайырымдылық қорларына аз қаражат бөле бастаған

Британдық Charities Aid Foundation қайырымдылық қоры құрастырған World Giving Index-2024 рейтингі бойынша Қазақстан халықтың жомарттығы бойынша әлемдік рейтингте 124 елдің ішінде 113-орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: hightech.fm

Қор мәліметінше, бұл соңғы он жылдағы ең нашар нәтиже.



Рейтингтегі позиция үш параметр негізінде қалыптасады:

  • ел тұрғындары бейтаныс адамға қаншалықты тегін көмек көрсетуге дайын;
  • адамдар қайырымдылыққа қаншалықты жиі ақша береді;
  • волонтерлік ұйымдарға қанша уақыт бөледі.

Фото:  World Giving Index-2024

Мәселен, Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан көш бастап, 45-орынға тұрақтады. Алайда бұл ел де өткен жылы 36-орында еді.

Қалған Орталық Азия елдері жаһандық тізімде келесі орындарға ие болды: Тәжікстан – 62 орын (2023 – 24 орын), Қырғызстан – 64 орын (2023 – 34 орын), Қазақстан – 113 орын (2023 – 107 орын). Ал Түркіменстан рейтингке кірмеді. Бәлкім, бұл елдердің позициясының төмендегенін экономикалық жағдаймен байланыстыруға болады. 

Фото:  World Giving Index-2024

Бұл ретте Индонезия жеті жыл қатарынан рейтингтегі ең жоғары орынды иеленді. Бұл елдің халқының жағдайы жақсы болмағанымен, жомарт секілді.

Рейтингте Қазақстаннан төменде Әзірбайжан (119), Армения (124) және Ауғанстан (135) тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық танымал қайырымдылық қорларының қаржы есебі қандай және оларды кім басқаратыны туралы жазған едік.

Талқылау