1200 көшет: Home Credit Bank бастаған "Жасыл саяжол" экологиялық акциясы өз мәресіне жетті

14 қарашада Таразда "Жасыл саяжол" экологиялық акциясының соңғы кезеңі өтті. Шара аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің аумағында 100 түп туя мен арша ағаштары отырғызылды. Бұл акция – Home Credit Bank-тің елдімекендерді көгалдандырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамасы. Игі шара аясында еліміздің 12 қаласында 1200 ағаш отырғызу жоспарланған.

"Осы игі бастаманың қортындысын, нүктесін Тараз қаласында қойып отырмыз. Себебі бұл шаһар – табиғаты тамаша, мәдениеті пен өркениеті тоғысқан мекен. Сондықтан осындай экологиялық акцияны жасыл өлкеде аяқтағымыз келді. Алайда біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта мұндай бастамалар жалғасын табады. Табиғатты аялап, жасыл болашақ үшін әрекет етеміз", – деді Тараз қаласындағы Home Credit Bank филиалының директоры Асхат Тоқсанбаев.

Тазалық шарасына қала тұрғындары мен жастары, еріктілер, банк қызметкерлері белсене қатысты. Олар бұл шараға қуана атсалысқандарын жеткізді.
"Бүгінгі тал отырғызу акциясы дәл біздің оқу ордасының аумағында өтіп жатқаны қуантады. Бір емес, 100 түп көшеттің егілуі қаламыздың көркіне көрік қосары анық. Бұл өз кезегінде жастардың қоршаған ортаға деген көзқарасын жаңа қырынан қалыптастырады", – деді университет студенті Ерасыл Берді.

"Жасыл саяжол" жобасы Home Credit Bank үшін маңызды кезең болды, бірақ банктің экологиялық бастамалары мұнымен шектелмейді. Жақында банк Абай облысындағы "Семей Орманы" табиғи резерватында экожүйені қалпына келтіру мақсатында 1000 қарағай отырғызды.
Айта кетейік, Home Credit Bank "Жасыл саяжол" акциясын өзінің 20 жылдық мерейтойына орай қазақстандықтарға алғыс ретінде өткізіп жатыр. Бұған дейін экологиялық бастама Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Жезқазған сынды қалаларда жүзеге асқан.

Home Credit Bank-тің 20 жылдық мерейтойы игі істер мен пайдалы бастамалар жылы болды. "Жасыл саяжолдан" бөлек, банк экология, әлеуметтік және білім беру саласында көптеген қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ Алматы, Астана, Қостанай және Орал қалаларындағы Жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға бағытталған.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді