"120 мың теңгені әрең жеткіздім": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңа оқу жылына балаларын қалай дайындағанын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет екі баласын мектепке дайындауға қанша теңге жұмсағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің бір ұл, бір қызы бар.
"Костюм-шалбары, мектепке керекті құралдары, спорт киімдері – осының бәрін есептегенде 1 миллион теңгенің ар жақ, бер жағы кетті", – дейді Ақбота-Нұр.
-
"Ұяңды өз қолыңмен қаладың": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың пәтері көпшілікті таңғалдырды
-
"Айыппұлды экс күйеуім төледі": Ақбота-Нұр "Кesh You" тобынан кеткен кезін еске алды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жұмсалған қаражатты тым көп деп бағалап жатыр.
“120 мың теңгені екі балама әрең жеткіздім”, “Бізге берсе балаларымның бәрін киіндіріп, өзіміз киініп, оған қоса азық-түлік аламыз ғой", "Менің 4 балама 150 000 теңге кетті десем, талып қалатын шығар", "Миллионға не алып жүрсіңдер соншама?!", "3 балама 200 мың теңге болды, шүкір, жеткіздік", "Әнші боламыз ба, не істейміз?" – деп жазды желі қолданушылары.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
