Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жылға сотталған Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі аппеляциялық шағым түсірді

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі әскери соттың апелляциялық алқасына жолданды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Еркін Шәріпбековтің Қазинформ сайтына берген жауабында айтылған.

"М.Бектанов мамандандырылған әскери ауданаралық соттың үкімімен 2023 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген жауапта.

Үкім бойынша ол мерзімді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемесінде өтеуі керек болған.

"Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, сотталушы М.Бектанов пен қорғаушысы А.Н.Подушкин үкімге шағым түсірді. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағым мәні бойынша қарауға жолданды", - деп жазады Е.Шәріпбеков.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғаларынан кейін істі болған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 9 наурыз күні 12 жылға сотталған.



Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты тергеу 2022 жылдың 19 ақпанында басталды. Оған Қаңтар оқиғалары кезінде “қызметін дұрыс атқармаған” деген айып тағылды. Былтыр Қаңтар оқиғасында бас прокурор Берік Асылов төтенше жағдай кезінде Бектановтың анық заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық әскери нысандарды қорғаусыз қалдырғанын айтқан.

Еске салайық, 21 ақпан күні Бас прокуратура ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады. Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Биліктің әрекетсіздігі"), әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған болатын. 

"Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", – деді Президент.

Бектановтың орнына 19 қаңтарда қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықов тағайындалды.

 

 

Талқылау