Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасында жетім қалған қыз қазақстандықтардан көмек сұрады

Жасөспірімдік шағында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалған Ақнұр Жолдасбекова жұрттан көмек сұрады.

brothers-457234_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасындай айтылды.

Бүгінде Ақнұр Жолдасбекқызы 17 жаста. Осыдан бес жыл бұрын әке-шешесі жол апатынан қайтыс болған. Құрылыста жұмыс істейтін ағасының табысы өз отбасынан артылмайды. Ал 15 жастағы бауыры Жасұланда оқып жатыр. Алдағы уақытта Шымкенттегі қара шаңырақты қалыпқа келтіріп, сол жаққа көшіп кетпек. Осыған орай, олар барша қазақстандықтан көмек сұрап отыр.

“Әке-шешем қайтыс болған кезде 12 жаста едім. Ағам, бауырым үшеуіміз жетім қалдық. Басында бұлай болады деп еш ойламадық. Сол түні тіпті анамызға “Тойға сендермен бірге біз де барайықшы” деп қатты өтіндік. Десе де, олар бізді өздерімен бірге ала кеткен жоқ. Арада 10 минут өткен соң, туысымыз қаралы хабарды жеткізді. Әкем бастапқыда телефонын көтермеді. Артынша тұтқаны бөтен адам алды. “Анаң қайтыс болып кетті, ал әкең аман-есен ауруханада” деді. Бір адамның тірі болғанына шүкіршілік айттым. Алайда сол түні біз екеуінен де айырылып қалған екенбіз. Өмірдің заңы ғой. Ақыры бәріміз де өлеміз. Бауырым ол кезде 9 жаста болды. Оған мұны білдіртпей, еркелетіп өсірдік. Барлық қамқорлығымызды оған бердік. Аллаға шүкір, қазір барлығы жақсы. Ағаммен бірге Шымкенттегі қара шаңырақты қайта қалпына келтіреміз бе деген ойдамыз”, – дейді Ақнұр Жолдасбекқызы.

Бойжеткен мен бауырына бүгінде жездесі көмектесіп тұрады екен. Ара-тұра нағашыларының да жақсылық жасайтыны бар. Десе де, еліміздің бас қаласында қаражаттан қиналып кеткендерін айтып жатыр. Осы орайда, барша қазақстандықтан көмек сұрады.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Қазақ қызы отбасылы сүйіктісінен еш айырылғысы келмейтінін айтты

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Талқылау