Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жаста туысынан бала босанды: Павлодар облысында кәмелетке толмаған жігітке сот үкімі шықты

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы туысын зорлаған 17 жастағы жігітке үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mirtesen.ru

Колледж студентіне 12 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды. Сот отырысы жабық режимде өтті. 

“М. 120-баптың 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды ​​зорлау) және 121-бабының 4-бөлігімен (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын”, – делінген үкімде.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот студенттің кәмелетке толмағанын және оның екінші топтағы мүгедек екенін ескеріп, мұны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Үкім жарияланғаннан кейін Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық омбудсмені Сәуле Шәкенева сотталушының кәмелетке толмаған туыс қызды зорлағанын еске салды. 

“Бұл адам үйге келіп, кіріп жүрген. Өкінішке қарай, сексуалдық сипаттағы қылмыстарды көбіне жақын туыстар немесе үйге келіп-кетіп жүрген адамдар жасайды. Бұл даулы іс аталмыш статистиканы растайды. Сотталушы жәбірленушінің отбасына жақын туыс болып келеді. Біз сот үкімін бір жыл дерлік күттік, үкімді бүгін жариялады. Дегенмен апелляцияға беру уақыты бар, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Мен бұл сот шешімін әділетті деп санаймын”, – дейді омбудсмен.



Ол екі отбасының да бірнеше жыл бұрын Павлодар облысына Моңғолиядан көшіп келгенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанғанын жаздық. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Мектеп оқушысын жақын туысы зорлаған. Жасөспірім кесар тілігі арқылы босанғаны белгілі болды.

Бұған дейін 12 жастағы қызды зорлаған туысы психиатриялық ауруханада жатқаны туралы жазған едік.

Талқылау