Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12-қабаттан секіріп кеткен": Алматыда қарақшылық пен зорлық жасаған қылмыскер полициядан қашып кетпек болған

Аса қауіпті қылмыскер полициядан қашуға тырысып Алматы 12-қабаттағы терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

қылмыс

Екібастұздық 31 жастағы азамат Ш. қарақшылық шабуыл жасап, кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлады деп күдіктеніп отыр.

Бұл қылмыс 11 шілдеде жекеменшік сектор аумағында орын алды. Түскі уақытта Покровская көшесіндегі үйлердің біріне белгісіз ер адам құлыпты зақымдамай кіріп келген. Осы кезде үйде екі бала - төрт жасар ұл және оның 15 жастағы әпкесі болған. Оларды пышақпен қорқытып, қаскүнем 17 мың доллар ақшаны алып, қызды зорлап кеткен.

Аталған ауыр қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.


Тұрмыстағы әйелмен байланыста болған: Түркістан облысында "қылмыс серкелері" 27 жастағы жігітті өлімші етіп сабаған


Жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде күдікті жасырынып жүрген мекен-жай анықталды. 

"Күдіктіні ұстау кезінде азамат Ш. жасырынбақ болған: ол ашық терезеден секіріп, төменгі қабат балконына түскенн. Одан кейін жедел уәкіл, полиция майоры Бақытжан Бәкіров өз өміріне қауіп тудыра отырып, күдіктінің артынан ұмтылды. Ол аяғының сынғанына қарамастан, күдіктіні бұғаттап, қашып кетуіне жол бермеді", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Қазіргі уақытта тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізілуде: 192-баптың төртінші бөлігі (қарақшылық, 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар) және қылмыстық кодекстің 120-бабының төртінші бөлігі (зорлау, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар).

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы хабарлағандай, аса қауіпті қылмыскерді залалсыздандыру кезінде көрсеткен қайсарлығы үшін майор Бақытжан Бәкіровге тиісті ынталандыру беріледі.
 

Талқылау