“112 миллион теңге”. Спорттық жарыс жеңімпаздары мен жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшерлемесі бекітілмек
Елімізде спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшерлемесі қоғам талқылауына ұсынылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Онда халықаралық додаларға қатысып, жүлделі орынмен елге оралған спортшыларға белгілі бір мөлшерде қаржылай қолдау көрсету қарастырылған.
Бұйрықта жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан бас жүлде алғандарға және олардың жаттықтырушыларына 250 000 доллардан беру қарастырылған. Бұл теңгеге шаққанда 111 миллион 632 мың. Яғни, жеңімпаз да, жаттықтырушы да жеке жеке осы мөлшерде қаржылай қолдау алады. Ал екінші орын болса 150 мың доллар, үшінші орынға 75 000 доллар берілмек. Тіпті бұл сыйақы 6-орынға дейін жалғасады.
Ал Азия және Универсида ойындарының жүлдегерлеріне 15 000 -1 100 доллар аралығында сыйақы беру көзделген.
Сонымен қатар спорттық додада әлем рекордын орнатқан жеңімпаздарға 5 мың доллар, ал жаттықтырушысына 3 мың доллар сыйақы да берілмек.
Құжат 24-ші сәуірге дейін қоғам талқылауында болады.