Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар баланың трамвай астына не үшін секіргені белгілі болды

Павлодарда тағы да трамвай адам қақты. Апаттан 11 жастағы бала зардап шеккен. Қазір ол ауруханада жатыр. Трамвай жүргізушісі оқушының өзі жүгіріп кеп көліктің астына түсті деп отыр. Куәгерлер де балақайдың қауіпсіздік шараларын сақтамағанын алға тартуда. Ол жоғалтқан кілтін іздеймін деп арандап қалса керек. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Трамвай баланы кеше кешкісін қаланың қақ ортасындағы ірі көшелердің бірінде қаққан. Релспен көлік арасында тапталып қалған оқушыға алғашқы көмекті жолаушылар көрсетіп, кейін  ауруханаға жеткізеді. Жүргізуші бәріне баланы кінәлап отыр. Мен дер кезінде жылдамдықты түсірмегенде жағдай мүлдем басқаша болар еді дейді.

“Мен жолдың бойында баланың тұрғанын байқадым.  Және жылдамдықты ақырындата бастадым. Тағы жақындағанда ол маған еңкейіп жүгіруге дайындалған адамдай көрінді.  Мен шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдадым. Ол болса көліктің астына сүңгіп кетті”, – дейді трамвай жүргізушісі Балзада Раисова.

Жүргізушінің сөзін куәгерлер де растап отыр. Олар балақай рельстің арасына түсіп кеткен кілтін аламын деп трамвайды байқамай қалды дейді. Қазір ол аураханада жатыр.  Дәрігерлер миы шайқалып, дене бойы түгел жарақаттанған баланың денсаулығы бірқалыпты деп отыр.

“Бізге түскенде басы жарақаттанып, миы шайқалып, денесінің бәрі сырылған болды. Бүгінде баланың денсаулығы қанағаттанарлық. Тамақ ішіп-жейді.  Тез сауығып кетеді деп ойлаймын”, – дейді травмотология бөлімінің меңгерушісі Серік Нұрланов.

Дәрігерлер бәрі жақсы болса оқушыны бір аптадан соң үйіне жіберуіміз мүмкін деп отыр. Ал оның не үшін өмірін қауіпке тігіп, жүріп келе жатқан трамвайдың астына секіргенін енді полицейлер анықтамақ. Естеріңізге сала кетейін осыдан екі апта бұрын ғана Павлодарда трамвай екі оқушы қызды қаққан еді. Он жастағы бала оқиға орнында қайтыс болса, оның сіңілісі жансақтау бөліміне түсті. Трамвай жүргізушісі болса тергеу аяқталғанша тергеу абақтысына қамалды.

Жіберіп алмаңыз:

Эксклюзивті кадрлар: Ақмола облысында құлаған тікұшақтың суреттері жарияланды (фото)

Теледидар мен компьютерді параға алған түрме басшысының масқарасы шықты

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті

Министр мұғалімдердің жалақысын көтеруге уәде бере алмайтынын айтты

Талқылау