Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті. Ал олардың ағасы 3 жасар Рамиль әлі дәрігерлердің бақылауында. Баланы да алып кету үшін қария оның атасы екенін құжат жүзінде растап беруі керек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Рамильдің денсаулығының дұрыстығына әбден көз жеткен соң ол қорғаншылық және қамқоршылық органына тапсырылады. Сөйтіп, балалар үйіне өткізілмек. Айта кетсек, ол он күн бұрын Алматыда далада қаңғып жүрген жерінен табылған болатын. Анықтай келгенде, ол әйгілі тоңазытқыштан өлі күйінде табылған егіз сәбидің ағасы болып шықты. Ал, ағайынды сәбилер қыркүйектің жетісінде өлтірілген. Ата-анасы оның алдында пәтер иесімен бірге арақ ішіпті. Сол кезде балалардан құтылмаққа келіскен. Сөйтіп, Анна Волченко үлкен ұлы Рамильмен бірге қыдыруға кеткенде Эмиль Гильмутдинов оңашада жазықсыз балаларды өз қолымен тұншықтырып өлтіріпті. Сөйтіп, мәйіттерін тоңазытқышқа тығып тастаған болатын.

«Атасы өзінің туысқандығын дәлелдемеді. Дәлелдеген уақытта Өзбекстан Республикасынан қажетті құжаттарды алып келеді біздің Қазақстан Республикасының заңына байланысты. Содан кейін барып, баланың құжаттарын тапсырған уақыттан кейін бұнымен шұғылданады», – дейді Әуезов аудандық білім бөлімінің бас маманы Басентиін Арапов.

Жіберіп алмаңыз:

Күйеуін абайсызда өлтірген Алға тұрғыны мемлекеттен 600 мың теңге өндіріп алды

Ұлттық Ұлан сарбаздары 5 адамды өрттен құтқарып қалды

Министр мұғалімдердің жалақысын көтеруге уәде бере алмайтынын айтты

Астанада пәтер ақысын төлей алмаған бойжеткен тәнін сатуға дайын екенін мәлімдеді

Талқылау