Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Ұлан сарбаздары 5 адамды өрттен құтқарып қалды

Оқиға 21 қыркүйек күні кешкі 19.30 шамасында Астана қаласының Алматы ауданында болған. Ұлттық ұлан жедел құрамасының әскери жасағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетіп жүріп, Кенесары көшесі 51 үйдің 3-қабатынан қою түтінді байқайды. Бұл туралы Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі хабарлайды.

Өрт жалыны «Sulpak» сауда үйімен байланысқан пәтерлерге қарай ұласып жатыр екен. Жасақ бастығы А.Қалымтай қасындағы патрульдер Н.Үсенбаев пен Б.Құспановты ертіп, дереу өрт шыққан көпқабатты үйдің кіреберісіне жүгіреді. Жол-жөнекей өрт сөндіру қызметіне, патрульдік топ бастығына және көрші бағытта жүрген әскери жасақтарға хабар береді.

Өрт кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында асыға жеткен қосалқы күш көпқабатты үйдің кіреберісін бекітеді. Үйдің өрт сөндіру сатысымен үшінші қабатқа көтерілген әскерилер шұғыл түрде шатырға жетіп, өрттің негізгі ошағын ауыздықтауға кірісіп кетеді.

Ұландық сарбаздар ең әуелі пәтердегі пропанды газ балонды шынжырмен сыртқа шығарып, үй иесінің 4 және 1 жастағы балаларын, көрші пәтердің мектеп жасындағы екі баласын қауіпсіз жерге апарады. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін көрші пәтерлердегі алауды да сөндіріп үлгереді. Оларға жоғарғы қабаттағы тұрғындар терезе арқылы шелекпен су беріп, көмек көрсеткен.

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жете салысымен шатырдағы өртті толығымен ауыздықтады.

Оқи отырыңыз:

Министр даулы орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді

“Әліпбиге жарнама”: 1942 жылғы латынша жазылған дәптер жұрттың күмәнін туғызды (фото)

Тоқаев: үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруі тиіс

Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендер баспанасынан айрылуы мүмкін

Талқылау