“Әліпбиге жарнама”: 1942 жылғы латынша жазылған дәптер жұрттың күмәнін туғызды (фото)

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 12:08

Қостанай облысының Қарабалық ауданында тұратын Бекболатовтар отбасы үйлерін жөндеу барысында 1942 жылы латын әліпбиінде жазылған оқушы дәптерін тауып алды.

Бұл туралы “Айна” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ескі қағаз беттерінен табылған жазбада оқушы қазақ тілі пәнінен үй тапсырмасын латып әріптерімен жазып, оларды орыс тіліне аударып отырған.

«Бұл – бұрын Қазақстан аумағында тек латын әліпбиі қолданылғанның айқын дәлелі. Дәптер табылған үй шамамен 100 жыл бұрын тұрғызылған. Дәптерден бөлек, Бекболатовтар 1961-1991 жылдары аралығында шыққан бірнеше тиынды тауып алған», – дейді дәптер тапсырылған өлкетану мұражайының директоры Раушан Исембаева.

Дәптердің тысқабы жоқ. Оның барлық парақтары 75 жылда құрып кеткен. Дегенмен, жазбалардың жазылған уақыты мен ұстаздың түзеткен қателіктерін, сондай-ақ, латын әріптерімен жазылған қазақша сөздерді орысшаға аударғанын анық көруге болады.


Исембаеваның айтуынша, 1942 жылғы дәптерді көрсеткеннен кейін, желі оқырмандары мұны латын әліпбиіне жасалған PR деп сынап тастаған. Ақталуыма тура келді дейді музей директоры alau.kz-ке берген сұхбатында.

«Бізге оның не қажеті бар? Біз маман емеспзі, бірақ жазулардың сиямен жазылғаны көрініп тұр. Парақтарына әдейілеп тиіспедік. Уақыт өз дегенін алады бәрібір. 1942 жыл деп жазылған.

Бізге расымен де Бекболатовтар отбасы тауып алған дәптерді әкеп берді. Үй 1929 жылы салынғандықтан, олар жөндеу жұмыстарын жүргізбек болып, әртүрлі нәрселер тауып алған. Үй иелері қалған табысты көрсету үшін бізді қонаққа шақырамыз деп уәде етті», – деп ақталды ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ди Каприо барыстарды қайтарып жатқаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

Алматылық ер адам мойнында пайда болған алып ісікті емдей алмай жүр

Алматыда әлемдік брендтердің атын жамылған жасырын кәсіпорын анықталды

Павлодарда жарты тонна марихуанна сатпақ болған үш азамат ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар