Алматылық ер адам мойнында пайда болған алып ісікті емдей алмай жүр

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 12:00

Алматылық 50 жастағы Александр Грязновтың мойнындағы ісік күн санап ұлғайып бара жатыр. Осының кесірінен ол не ұйықтай алмай, не жұмыс істей алмай жүр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бірнеше рет дәрігерлерге қаралғанымен олар емдеуден бас тартқан. Оның бір себебі Александрдың құжаттарының болмауы мүмкін.

Бәрі бір жыл бұрын мойнында пайда болған кішкентай ісіктен басталған. Сосын ай сайын өсе бастапты. Мамандар оған нақты диагноз да қоя алмаған.

“Олар тіпті қараған да жоқ. Дәрігерлердің ешқайсысы қарамайды. Ал ақылы ауруханаларда бағалары 50 мыңнан жоғары”, – дейді Александр.

Ер адам құжаттарын бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған. Жалғыз қарындасы үйін сатып, әкесімен Калининградқа кетіп қалған. Осылайша көше Александрдың тұрғылықты мекен-жайына айналған.

Өз бетімен емделмекші болып апта сайын дәріханадан мазь бен дәке сатып алады. Бірақ одан келіп жатқан көмек шамалы.

Ал дәрігерлер бір ай бұрын Александрды ауруханаға жатқызып, тіпті стационарлық ем ұсындық дейді. Бірақ ер адам бәрінен бас тартқан. Оны Алматыдағы онкоорталыққа жібергенімен, ер адам онда да бармаған. Содан дәрігерлер науқасты қайтадан қарады.

“Қазір қандай да бір болжам айту қиын, өйткені ісік қауіптіліктің 3-4-ші деңгейлеріне кетіп қалған. Бұл жұқпалы ауру емес, бұл кәдімгі қауіпті ісік”, – дейді Алматыдағы көп профилді клиникалық аурухананың директоры Жұмахан Молдақұлов.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

Павлодарда трамвай таптап кеткен қыз ауруханадан шығарылды

Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар