Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

20 жастағы бойжеткен көп адамда кездесе бермейтін Рапунцель синдромына шалдыққан. Аталған синдромға әдетте адам өз шашын жеп қойған кезде шалдығады. Дәрігерлер науқастың асқазанынан 900 граммға жуық шаш алып шыққан.

441BF2D800000578-0-image-a-2_1505038628725

Бұл туралы best-fan.ru басылымы хабарлайды.

Науқастың салмағы отаға дейін 30 кг ғана болған. Ал отаның алғашқысы Раджавадиде, кейінгісі Мумбайда жасалған. “Науқас бізге асқазанының қатты ауырып жүргенін айтып шағымданған болатын”, – дейді хирург Бхарат Камат.

441BF68F00000578-0-image-a-9_1505038869046-1

Рапунцель синдромы дегеніміз не? Аталған синдромға шалдыққан науқастардың асқазанында шар тәріздес болып шаш қалдықтары жиналады. Ол өте сирек кездесетін ауру түрі. Суретте 16 жастағы қыздың асқазанынан шыққан шаш бейнеленген. Ол өз шашын 5 жылдан астам уақыт жеп келген. Көбінесе ақыл кемістігі бар адамдар осы ауру түріне шалдығады.

441BF31E00000578-4869826-image-a-18_1505041064076

441BF30900000578-4869826-Dr_Bharat_Kamath_added_This_is_the_first_time_such_a_case_has_be-a-19_1505041064147

Асқазанда жиналған шаштың салдарынан адам қайта-қайта құсады. Ал 20 жастағы бойжеткенге ота 31 тамыз күні жасалған екен. Қазір оның жағдайы жақсы. “Мұндай ауруға шалдыққан науқаспен алғаш рет жұмыс істеп отырмыз. Ең бастысы, асқазанға жиналып қалған шашты отадан бөлек, эндоскопиялық жолмен алып шығуға болады. Бірақ, шар тәріздес шаштың көлемі ұлғайып кетсе, ол жерге медициналық құралдарды кіргізу қиынға соғады. Сол себепті, мұндай адамдар, тіпті, тамақ жей алмай қор болады. Ақырында анорексияға шалдығып, көз жұмады”, – дейді хирург дәрігер.


Жіберіп алмаңыз:

Бетіне қышқыл төгілген ару жаңа келбетімен жұртты таңқалдырды (фото)

Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады

Екі қолы жоқ болса да нәрестенің күтіміне қараған бала жұртты жылатты (видео)

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Талқылау