Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теледидар мен компьютерді параға алған түрме басшысының масқарасы шықты

Жемқор деген күдікпен ұсталған Маңғыстау колониясы басшылығының қанша көлемде пара алғаны белгілі болды. Мекеме басшысы Ержан Тілеулиев пен оның екі орынбасары Қуатбеков және Қалдыбаев, бөлім басшысы Айнақұловтар жазасын өтеушілердің туыстарынан ауызбастырықты тұрмыстық техникамен алыпты, деп хабарлады КТК арнасы.

Сондағы көрген пайдалары – бір теледидар мен компьютер. Осы ауызбастырыққа төртеуі бірдей жабылып, жазасын өтеушіні «қанатының астына алуға уәде еткен». Енді осы әрекеттері үшін олар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әзірге кінәсі дәлелденіп, тергеу амалдары аяқталғанша қамауда болады.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда биік үйлердің қабырғаларына танымал “жұлдыздардың” суреттері бейнеленуде

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті

Ұлттық Ұлан сарбаздары 5 адамды өрттен құтқарып қалды

Шымкентте WhatsApp-тың қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Талқылау