Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте WhatsApp-тың қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Телефонмен сөйлесіп, əлеуметтік желінің қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыссыз қалды.

Шымкент қалалық əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сəйкес, бұл жүргізуші Green Bus компаниясының қызметкері. Ол автобус тізгіндей отырып жол жүру ережесін өрескел бұзған. Яғни, рөлде отырып телефонмен сөйлескен, онымен қоймай Whats Ap желісі арқылы əлдекіммен хабарлама алмасқан. Өз жұмысына немқұрайлы қараған ол жазаланды.

Естеріңізге салсақ, жуырда ғана əлеуметтік желіде бұл жүргізушінің өрескел əрекетінің видеосы пайда болды. Оның авторы əкімдіктің желідегі парақшасына осындай хабарлама қалдырып, видеоны жолдаған.

“Автобус жүргізушісі жұмыстан кетті. Енді оның желілерде белсенді əңгімелесіп, клиптер қарап, телефонмен жиі сөйлесуіне бос уақыты жетіп артылады. Ал компания басшылығы барлық жүргізушілеріне өз міндеттеріне жүрдім-бардым қарайтындарға жол жоқ екенін ескертті”, – делінген қалалық баспасөз қызметі таратқан мəліметте.

Оқи отырыңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Талқылау