Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Кішкентай Шынболат үлкен көлемдегі «Kinder сюрприз» жасап кәсібін жүргізіп отыр. Шаруасын дөңгелетіп отырған ол басқа өңірлерден де тапсырыс алып отыр.

IMG-20170920-WA0037

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

Исағалиев Шынболат сабақ оқып, жаттығу жасағаннан кейін, әрқашан сүйікті хоббиімен айналысады. Үлкен көлемдегі «Kinder сюрприз» жасайды. Жасаған өнімі сатуға шығарылып, бүгінде үлкен сұранысқа ие.

Басында туған апасы Салтанаттың көмегімен қағаздан әр түрлі заттар жасай бастайды. Кейін, балалар арасында көп таралған «Kinder сюрприз» ойыншығының үлкен көлемін жасау туралы ой келеді. Талпынып жасап шығарып, басында туған-туыстары мен достары арасында сата бастайды. Әлеуметтік парақшалардан арнай беттер ашып жарнамалайды.

Уақыт өте келе Ақтөбе қаласының ішінде ғана емес, басқа облыстардан тапсырыс түсе бастайды. Оны арнайы іздеп келіп танысқысы келетіндер өте көп. Сол сәттер үлкен қуаныш беріп, мотивация сыйлайтынын жеткізді.

«Кейде мүгедек балаларға барып, оларға да жасауды үйретемін. Қолынан келген іспен айналысқанын қалаймын. «Мен жүре алмаймын, мен сөйлей алмаймын» деп қараңғыда отырғанынын ұнатпаймын. Әрқашан оларға үлкен күш бергім келеді», — дейді кішкентай Шынболат.

Оқи отырыңыз:

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы үй сатып аламын деп 15 млн теңгесінен айырылды

Елді шулатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында автотұрақ ақысы арзандады

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Отандық БАҚ-та латынша жазылған алғашқы мақала жарық көрді

Талқылау