Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 14:13

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті ақсақалдар алқасының төрағасы Қабден Қуандық қажы кезінде Елбасымызға Ақбақай атты сәйгүлік тарту еткенін айтты.

burst

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

Осыдан ширек ғасыр бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына келетін болды. Сол кездегі облыс басшысы Шалбай Құлмаханов бастаған халық қонақжайлылық танытып, Елбасыға құрмет жасады.

Қуандық ақсақал сол уақытта ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы болған. Екі ай бойы Ақбақай атты сәйгүлікті жаратып, қолдан ат әбзелдерін дайындаған.

Жылқының жақсы жаратылғанына таңқалған мемлекет басшысы ақсақалдың қолын алып, арқасынан қаққан.

«Кездесу аяқталған соң, Елбасы халықпен қоштасып, көлігіне беттеді. Арғымақпен президент кортежінің соңынан ілестім. Тікұшақ тұрған жерге келген соң, Нұрсұлтан Әбішұлының көзі сегіз өрім тобылғы сапты қамшыға түсіп, ерекше ықыласын танытқан. 40 минут бойы аттың тегі туралы қазақы әңгіме құрып, оның жылқыға құмар жан екенін байқадым», — дейді Қабден Қуандық.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Шымкентте діндарларға қатысты өткен арнайы операция құпия ұсталуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар