Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 13:56

Желі қолданушысы қазақстандық арналардағы кей бағдарламаларға шулы,-деп жазды Stan.kz сайты.

болатханнн

Оның сөзінше  жағдайы нашар адамдардың ел алдына мәселесін айтып, көмек сұрап шығуы  қазаққа жат қылық.

«Қазақ арналары, анығы, кей бағдарлама қазаққа мәдениетті түрде “тіленшілікті” үйретіп жатқандай көрінеді. Эфирден өзін күйеуі тастап кеткенін айтып, бала-шағасын баға алмай жатқанын айтып, көзінің сорасын ағызып отыратын қазақ әйелдерінің намыссыздығы, жігерсіздігі, ұялмайтыны… Солай қабылдаймын, қабылданады.

Әркім әрқалай қабылдағаны үшін кінәлі емес. Мен қатігез емеспін. Әр жолы сөйтіп жағдайын айтып, айдай әлемге күйеуінің тастап кеткенін, балаларын асырай алмай жатқанын айтып отыратын сондай әйелдерді эфирден көрсетіп жатқанда жүргізуші соның орнында болса, осылай эфирге шығар ма еді, өзінің туысы болса, эфир арқылы жағдайын айтқызар ма еді деген ой тұрады.

Ағайын-туғаны қайда, ауыл-аймағы, кластасы, руласы дегендей… Етіміз өліп кеткен бе, әлде намыстан жұрдай болғанбыз ба?»,-деп жазды желідегі парақшасында  Айгүл Болатханқызы.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Шымкентте діндарларға қатысты өткен арнайы операция құпия ұсталуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар