Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда биік үйлердің қабырғаларына танымал “жұлдыздардың” суреттері бейнеленуде

Петропавлда көпқабатты үйдің қабырғаларына белгілі азаматтардың суреттері бейнеленіп жатыр. Граффити жанрындағы туындыны Ресейден арнайы шақырылған мамандар салуда, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бес қабатты үйдің қабырғасына бірінші салынған суретте олимпиада чемпионы, петропавлдық Александр Винокуровтың тұғырда әнұран айтып тұрған сәті бейнеленген. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген суретшілердің бұл шаруаға бар болғаны екі-үш күні кетеді екен. Көрші елдің түрлі қалаларында жүзге жуық туындымыз бар деген олардың арнайы білімі де жоқ. Петропавлға әкімдіктің шақыруымен келген. Бұл шараға бюджеттен бір тиын берілмепті. Шенеуніктер бар қаржы демеушілердікі деп отыр. Айтуларынша, қалада жуық арада тағы екі үйдің қабырғасына Мағжан Жұмабаев пен Жамбыл Жабаевтың бейнелері салынбақ.

«Мен спортқа онша әуес емеспін. Петропавлға келгенше Александр Винокуровтың кім екенін білген де жоқпын. Оның Қазақстанның мақтанышы екенін осы жерде жүріп естідім. Жергілікті халық өз чемпионын жақсы таниды екен. Жанымыздан өтіп бара жатып, атын атайды», – дейді граффити-суретші Антон Онищенко.

Жіберіп алмаңыз:

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті

Алматылық қыз “Алтын белгіні” сыйлыққа алды

Қазақстанда 2019 жылы барлығына міндетті болатын 0-сынып енгізіледі

Бетінде татуировкасы бар қазақстандық азамат төлқұжатын жаңарта алмай, жан айқайын жеткізді (фото)

Талқылау