Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"11 сағат қиналған". Алматы облысында жүкті әйелдің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Қайғылы оқиға Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы перзентханада болды. 30 жастағы әйел кесарь операциясынан кейін қайтыс болды. Туыстары оның дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болған деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Кесарь операциясынан кейін 30 жастағы Алеся Яковлева көз жұмған. Туыстарының айтуынша, қан кетіп, әйел ауруханада бір тәуліктен астам уақыт өткізген. Алайда медициналық қызметкерлердің ешқайсысы оның жағдайына аса назар аудармаған.

Қан кеткенін байқап, Алеся Яковлева дереу ауруханаға келді. Алайда дәрігерлер әйелді қабылдаудан бас тартты. Олар толғақтың басталуын күтуге кеңес берді, - дейді марқұмның әпкесі.



Жүкті әйел осындай жағдайда бір күн бойы үйде жатқан, кейінірек ауруханада да бір күн өткізген. Осы уақыт ішінде дәрігерлердің ешқайсысы науқасқа жақындаған жоқ, дейді туыстары.

Менде оның аудиосы бар. Онда: Алғашқы балаң болған соң, тағы 10 сағат жатасыз, деген. Оны тағдыр тәлкегіне тастап кетті. Презентханаға Алесяны таңертең алып келген, ал оның қайтыс болғаны туралы туыстары тек түнде ғана хабарлады.

Кесарь операциясы шұғыл түрде жасалғанын айтты. Марқұмның туыстары дәрігерлердің уақыт өткізіп алғанына сенімді. 

"Кесарь операциясын жасадық деді. Оны хирург емес, медбике шығып айтты. Ал хиругтың өзі туыстарына шығып ештеңе айтпады. Оған операция жасалған жоқ қой. Неге УДЗ жасалған жоқ. Неге оны 11 сағат қиналуына жол берген? Ал қазір оның жатыры алынып тасталғанын біліп отырмыз. Бізге себебін айтқан жоқ", - дейді марқұмның әпкесі Екатерина Галкина.

Дәрігерлер оқиғаның орын алу себебін камераға айтудан бас тартты.

Қазір босанған әйелдің өлімі фактісі бойынша «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Кінәлі тарап бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ туыстары мұндай жазаны тым жұмсақ деп санайды.

"Өзі әкесіз өскендіктен үнемі: "Баламның әкесі болғанын қалаймын" деуші еді. Енді баласының анасы жоқ", - дейді Виталий Яковлев.

Марқұмның туыстары әділеттілікке жетуге ниетті. Ол үшін олар барлық жоғары органдарға хабарласуды жоспарлап отыр. Баланың жағдайы жақсы, оған анасы қалағандай Амира есімін берген.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 10:07
Талқылау