"Келіннің сақина алуына жетеді": Мақпал Жүнісова әріптесі Сәкен Майғазиевтің тойына қанша теңге әкелгенін айтты
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Сәкен Майғазиевтің тойына қанша теңге әкелгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі той шашуды Сәкен Майғазиевке берген.
“Бүгін өте қуанышты күн болып жатыр. Екі жастың тойына біз де куәгер болып жатырмыз. Келіндеріңіз құтты болсын! Мен келіннің сақинасы деп 1000 долларды Сәкенге бердім. Айналайын, өзің таңдап аларсың,”, – деді Мақпал.
Одан кейін халық әртісі қызы Мерейге Сәкеннің жары Динараның берген сыйлығын көрсетті.
“Мерей екеуміз тойдан келдік. Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым. Апаң да, әжең де, туысқандарың да – бәріміз күтіп отырмыз. Иә, асықтырмаймыз енді. Қыз деген жат жұрттық қой. Бірақ ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың, жаным. Менімен бірге барғаныңа көп-көп рақмет", – деді халық әртісі.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
