100 млн теңге: Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасы Грекияны жеңсе сыйлық жасайтынын айтты
Freedom Holding Corp компаниясының бас директоры Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасына ұлттар лигасының жартылай финалдық плей-офф матчында Грекия құрамасын жеңетін болса 100 миллион теңге сыйақы бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Сыйақы капитанның қалауы бойынша командаға үлестіріледі.
Шешуші кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді. Матчтың жеңімпазы Грузия мен Люксембург арасындағы ойында жеңіске жеткен құрамамен плей-офф кезеңінің финалында ойнайды.
"Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама бұрын-соңды бұлай жақын болған емес. Бұл қазақстандық футбол үшін де, ел үшін де маңызды сәт. Көз алдымызда ұлттық құрама тарих жасауда және қазір оларға қолдау көрсету бұрынғыдан да маңыздырақ. Спортшылар ұзақ жолдан өтті, бірақ алда ЕУРО-2024 іріктеудегі ең маңызды ойын. Жүлде командаға қосымша мотивация береді деп сенемін, сонымен қатар барлығымыздың Қазақстан құрамасы үшін бірге жанкүйер болуымыз да үлкен сый болады деп ойлаймын!" – деді Турлов.
2022 жылы Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің құрамына кірді.
Еске салсақ, бұған дейін Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан футбол құрамасының нақты құрамы жасақталғаны туралы жазған едік.