Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жылдан кейін байдың қызы кедей жігіттің бетін қайтарғанына өкінді. Себебі…

Назарларыңызға байдың қызына ессіз ғашық болған кедей жігіттің оқиғасын ұсынамыз.

Бұл туралы pic-words.ru басылымы жазды.

Көптеген қыз-келіншек жас кезінде әзілқой немесе спортшы жігіттермен жүргенді ұнатады. Ал жасы ұлғайған сайын жауапкершілігі мол, ақылды, түсінігі бар жігіттерге қарайлайды. Мұнымен қатар, кез келген қыздың өзін материалдық тұрғыдан толықтай қамтамасыз ете алатын жігітке тұрмысқа шыққысы келетіні анық. Олай болса, сезімнен ақшаны артық көрген махаббат оқиғасын оқып көріңіз. Қысқа ғана ғұмырда ақшаны бәрінен артық қоюға бола ма?

Кедей жігіт байдың қызына қатты ғашық болады. Екеуі біраз уақыт қыз-жігіт болып жүреді. Көп ұзамай жігіт қызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Ал байдың қызы оның бұл ұсынысына күле қарап, бетін қайтарады. “Сенің бір айлық жалақыңды мен бір күнде құртамын. Отбасы болғанымызда сен мені асырай аламын деп ойлайсың ба? Мен ешуақытта таршылықта өмір сүре алмаймын. Сол себепті, мені жай ғана ұмытқаның жөн. Өзіңе сай адамды тауып, соған үйлен”, – дейді қыз.

Дәл мұндай сөздерден кейін жігіт көпке дейін өзіне келе алмай жүреді. Араға 10 жыл салып қыз бен жігіт сауда орталықтарының бірінде кездесіп қалады. Әйел өзінің бұрынғы жігітін бірден таниды. “Эй, қалайсың? Мен ақылды жігітке тұрмысқа шықтм. Ол айына 15 700 доллар жалақы алады. Мұны көз алдыңа елестете аласың ба?” – дейді.

Бұл сөздерді естіген жігіт жылап жібере жаздайды. Біраз уақыттан кейін екеуінің қасына әйелдің күйеуі келіп қалады. Ол әйелін алып кетпес бұрын, оның бұрынғы жігітіне иіліп сәлем береді. “Мырза, қалайсыз? Сіз менің әйеліммен танысып үлгерген сияқтысыз!” – дейді.

“Сәлеметсіз, …”, – дейді әйелдің бұрынғы жігіті.

Өзінің есімін ұмытып қалғанын байқап, әйелдің күйеуі сыпайылық танытады. “Картер мырза, ештеңке етпейді. Сіз мен сияқтылардың есімін жатқа білуге міндетті емессіз”, – дейді ол.

Кейін күйеуі әйеліне бұрылып: “Қымбаттым, менің бастығыммен танысып қой”, – дейді.

Әйел не айтарын білмей тұрып қалады. Ақыры қош айтысып, екі жаққа тарасады. Есін жинай бастаған әйелі “Мынау сендердің бастықтарың ба?” деп сұрайды.

“Иә, қымбаттым. Ол 100 млн доллар тапса да, қарапайым адам болып қалуды жөн көрген екен. Оның өмірі қайғыға толы. Бір кездері байдың қызын қатты жақсы көріп, ол бетін қайтарған екен. Ол сол күннен бастап жұмыс істеп, ақыры табысқа жеткен. Барлығы ақылы мен қайратының арқасы. Енді ол – мультимиллионер. Бірақ, өкінішке орай, ол жүрек жарасынан әлі күнге дейін айыға алмай жүр. Тіпті, сол оқиғадан кейін қыздарға қарамаған екен. Қалай ойлайсың, әлгі әйел ол туралы қазір не ойлайтын еді? Егер кездесіп қалса”, – дейді күйеуі.

Әйел өз кезегінде қатты таңқалып, бір орында тұрып қалады. Өмір тым қысқа. Адамды қалтасының қалыңдығына қарап бағалаған дұрыс емес. Сол себепті, тым өзімшіл, тәкаппар болудың қажеті жоқ. Өмірде барлығы да болуы мүмкін.

Ал сіз әлгі әйелдің орнында болсаңыз не істер едіңіз?


Жіберіп алмаңыз:

Мәңгілік бірге: Бақытты ғұмыр кешкен сиам егіздері (фото)

Анасы қызы мен өгей әкесінің көлікте немен айналысатындарын түсіне алмай жүр (видео)

Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Талқылау