10 миллион теңге: Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттеріне шектеу енгізілмек
Фото: depositphotos.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов жеке тұлғалардың депозиттеріне шектеу енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы агенттік өкілі сенаттағы дөңгелек үстел барысында айтты. Оның айтуынша, жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ салымдарының жиынтық мөлшеріне шектеу енгізу жоспарлануда – ол 10 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл шектеу жарғылық капиталы кемінде 10 миллиард теңге болатын базалық лицензиясы бар банктерге қатысты болмақ.
Қазақстандық азамат депозитке салған қомақты ақшасын ала алмай қалған
"Біз банктердің депозит тартудағы тәуекелдерін шектеуді ұсынып отырмыз. Заңды тұлғаларға қатысты ешқандай шектеу қойылмайды. Ал жеке тұлғалардың депозитінің ең жоғары мөлшерін 10 миллион теңгемен шектеуді ұсынамыз. Өйткені жеке тұлғалар – әлеуметтік жағынан банктердің ең осал клиенттері. Ал депозит – банктің міндеттемесі. Сондықтан осы міндеттемелердің көлемін шектеуді ұсынамыз", – деді Қизатов сенаттағы брифингте.
Еске салсақ, бұған дейін банктерге депозит бойынша кез келген сыйақы белгілеуге рұқсат етілгені туралы жазған едік.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
