AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 маусым күні қазақстандықтар күннің тұтылуын көре алады

10 маусым күні қазақстандықтар күннің тұтылуын көре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Астрономдар адамдар сақиналы күн құбылысын бақылай алады дейді. Олар бұл құбылысты планетаның солтүстік аймақтарында жақсы көретіндігін айтты.

"Мұндай жарықтар өте сирек кездеседі. Тұтылуды күннің екінші жартысында көру мүмкін болады. Күн тұтылу белдеуі Солтүстік Америка, Солтүстік Мұзды мұхит және Чукотка арқылы өтеді", – деді В.Г.Фесенкова атындағы астрофизикалық институттағы жұлдыздар мен тұмандықтар физикасының зертханасының басшысы Любовь Шестакова.

Күннің тұтылуын қазақстандықтар да тамашалай алады. Әсіресе елдің солтүстігінде күн тұтылу ерекше сипатта болмақ. 

"Нұр-Сұлтанда күн тұтылу 17:44-тен бастап, 18:10-ға дейін көрінеді. Тұтылу 19:02-де аяқталады. Алматыда күн тұтылу көріністері 17:43-те басталып, 18:26-ға дейін созылады.19:05-те күн тұтылу аяқталады. Павлодарда, Петропавлда, Өскеменде және Семейде күннің тұтылуы 37 пайызға дейін көрінеді", – деді Любовь Шестакова.



Келесі күннің тұтылуы 19 қарашада, ал толық күн тұтылу 4 желтоқсанда болады деп күтілуде. Бірақ олар Қазақстанда көрінбейді. 

Күннің тұтылуын қарапайым бақылау құралдары арқылы көруге болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр