Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Киттің денесінен сонша байлық тауып алдық": Табылған зат 35 балықшының өмірін қалай өзгертті

Йемендегі 35 балықшы киттің ішінен сирек кездесетін амбраны тапты. Оның жалпы құны 1,5 миллион доллар құрайды. Бұл зат парфюмерияда жоғары бағаланады.

Балықшылардың бірі Йеменнің оңтүстігіндегі Аден шығанағынан китті байқап қалады. Балықшы оның денесінде амбра болуы мүмкін екенін айтты. Ер адамдар балықтың денесін жағаға сүйреп, ішін кесіп көрді, – деп хабарлайды ВВС.

"Иісі жағымсыз болды, бірақ бұл үлкен ақшаны білдірді", – деді балықшылардың бірі.

Бұл табыс ер адамдарды кедейліктен құтқарды. Олар затты сатудан түскен пайданы өздеріне бірдей бөлді, сонымен бірге ақшаны оларға көмектескендерге және кедей адамдарға бөліп берді.

Балықшылар өздеріне жаңа көлік, үй, қайықтар сатып алды, ал кейбіреулері үйленуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ балықшылар болашақта ештеңе таппаса да, теңізге шығуды жоспарлап отырғанын айтты.


Адамға ұқсайтын акуланың суреті желіде қызу талқыланып жатыр


ВВС-дің хабарлауынша, кашалоттарда ғана амбра шығуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, амбра өте сирек кездеседі және тек аталықтарының 1-5%-ында кездеседі. Амбраны иісті ұстап тұру үшін парфюмерияда қолданады

Кашалоттар кальмармен қоректенеді, ал бұлардың тұмсығы киттің ішкі бөлігін зақымдауы мүмкін. Демек, жануарлар денесінде кальмардың осы бөліктерін балықтың ас қорыту жүйесі арқылы өткізуге көмектесетін тұтқыр зат түзіледі. Осылайша амбра пайда болады.

Талқылау