Адамға ұқсайтын акуланың суреті желіде қызу талқыланып жатыр
Индонезияда балықшы Роте аралының жағалауынан ерекше акуланы ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абдулла Нурен есімді балықшы ересек акуланы кездейсоқ торға түсіріп, оны үйіне алып келеді. Ер адам акуланы сату үшін бөлшектегенде, ішінен үш баласы шыққан. Оның екеуі кәдуілгі акулаға ұқсаса, біреуінің тұмсығы ерекше жаратылған екен. Балықшы оны "адам келбетіне" ұқсас деп топшалаған.
"Екеуі ана сияқты, ал үшіншісі адамның келбетіне ұқсайды", - деп түсіндірді Нурен.
Балықшының көршілері балықты сатып алғысы келген, бірақ ол сатудан бас тартқан.
"Үйім акуланы көргісі келетін адамдарға толып кетті. Мен балықты сақтап қоямын. Бұл маған сәттілік әкеледі деп ойлаймын", - дейді балықшы.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған
