Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 күнге жуық комада жатқан қыз университетке түскенін біліп, есін жиды

оқуға түсіп, есін жидыФото: South China Morning Post

Қытайда 18 жастағы талапкер өзінің университетке түскенін білген бойда комадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Хэнань провинциясының тұрғыны Цзян Чэньнань ұлттық емтихандарды тапсырғаннан кейін жедел миокардит салдарынан комаға түскен. Оның әкесі сегізінші күні ауруханаға қызының Хуанхэ Транспорт университетііне түскені туралы хат әкелген. Қыз бұл жаңалыққа қабағын жылжытып, жауап берген. 

"Оқуға түскеніңе қуаныштымыз", – деді қызының реакциясын көрген әкесі.

Келесі күні Цзян толығымен есін жиып, жаңалықты түсінгенін ыммен растаған. Дәрігерлер мұны "ғажайып" жағдай деп атады. Өйткені қыздың жүрек қызметі толығымен қалпына келді.

Отбасы несие алып, емделуге 200 мың юаньнан (15 миллион теңге) астам қаражат жұмсаған.

"Қандай қиын болса да, біз оны оқуға жібереміз. Себебі, бұл оның арманы еді", – деді өзі 2023 жылы апатқа ұшыраған әке

Цзян қазір кәдімгі палатаға ауыстырылған. Ол оқуды қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 19:43
Талқылау