Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 адам зардап шекті: Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан ұшып кетті

Балқаш маңында жол апаты болып, салдарынан 10 адам зардап шекті. Белгілі болғандай, жолаушылар автобусы тасжолдан ұшып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

10 адам зардап шекті: Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан ұшып кетті

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 тамызда түнгі сағат 23:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында, Гүлшат аулына жақын маңда орын алған. Жолаушылар автобусы тасжолдан ұшып түскен екен. Бұл кезде автобусты 61 жастағы жүргізуші тізгіндеген. 

«28 тамызда Алматы-Екатеринбург тасжолында, Балқаш қаласынан 70 шақырым жерде Қарағандыға бағыт алған автобус жолдан ұшып кеткен. Алдына ала мәлімет бойынша, Setra автобусының 61 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған», - дейді полициядағылар. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан 10 адам зардап шеккен. 

«9 адам түрлі жарақат алған. Тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін емханада емделуге жіберілді. 1988 жылғы әйелдің миы шайқалып, омыртқасы зақымдалып, Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Талқылау