AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10-20 мың теңге арасы: Қазақстандықтар кездесуге қанша қаражат жұмсайтындарын айтты

Қазақстандықтар кездесулерге қанша қаржат жұмсайтындарын айтты. Астана телеарнасы жүргізген сауалнамада халықтың басым көпшілігі 10 мың 20 мың теңге арасындағы қаражат жұмсайтынын айтып өтті. Мұндай кездесулер көбіне кафелер мен мейрамханаларда өтеді екен. Жастар үшін мұндай орындар: кинотеатрлар, мұз айдыны мен саябақтар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамдардің көбі ең бастысы нәзік жандылардың қалауы деп, қаржы жағын өз мойындарына алатынын айтады.

Бірі "10 мың теңгеден басталады, лаундж-барлар, мейрамханалар, кино" десе, енді бірі "Кинода, мейрамханалар, ең бастысы тамақтану. Бюджетке қарай" дейді.

"Кафеде, мұз айдынында. Шамамен 6 мыңнан 10 мың теңгеге дейін. 16 жастамын, бұл үшін өзім ақша табамын", дейді сауалнамаға қатысушылардың бірі.

"Соңғы кезедсуде 25 мың кетті. 15 мың теңгеге  сақина сатып алдым, содан кейін саябақта кәуап жедік, сонымен болды. Жалпы, қазір бәрі қымбат. Тіпті дүкенге бару қымбатқа түседі, күн сайын 5-6 мың теңге қалдырасың", – дейді олар.

Айта кетейік, елорда кездесу шығыны ең аз қалаларының тізіміне енді. Астаналықтар шамамен 25 мың теңге немесе 58 доллар шығарады екен. Бұл бағаға мейрамханадағы кешкі ас, бір бөтелке шарап және киноға бару кіреді, дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, Picodi.com сарапшылары ерекше зерттеу жүргізген, олар әлемнің 56 ірі қаласын бағалаған. Ең қымбат кездесуді Швейцарияда өткізетін болып шықты. Онда орташа шот 226 долларды құрайды. Ал Парижде екі адамға арналған кеш 126 доллар, Мәскеуде 85 доллар, Стамбулда 48 доллар болады екен.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр