1 мамырдан бастап Қазақстанда жедел жәрдем шақыру ережелері өзгереді
Фото: pixabay.com
Қазақстанда 1 мамырдан бастап жедел жәрдем шақыру ережелері өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдан бастап шұғыл емес шақыртуларға емханалар жанындағы мобильді топтар баратын болады.
Өзгерістер 4-санаттағы шақыртуларға (науқастың өміріне қауіп төнбеген жағдайда, мысалы, жоғары қан қысымы, дене қызуы, жеңіл жарақаттар) қатысты:
- Мұндай шақыртуларға жұмыс уақытында, яғни 08:00-ден 20:00-ге дейін мобильді бригадалар барады.
- Басқа уақытта барлық шақыртуларға, оның ішінде 4-санаттағы шақыртулар, жедел жәрдем бригадалары жіберіледі.
- Мобильді бригаданың жету уақыты – 60 минутқа дейін.
- Қажет болған жағдайда мобильді бригада құрамына кардиолог, невропатолог сияқты мамандар да кіреді.
"Жедел жәрдем көлігі жоқ": Ұланғасыр Қами туған ауылының әкіміне үндеу жасады
Министрлік мәліметінше, жаңа өзгерістер шұғыл шақыртулар бойынша жедел жәрдемнің жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
