Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Фото: Pixabay.com

Келесі оқу жылынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы өсетінін айтты.

"1 қыркүйекен бастап шәкіртақы мөлшері ұлғайтылады. Бакалавриат үшін шәкіртақы мөлшері – 52 372 теңге, магистратура үшін – 117 098 теңге, докторантураға – 262 500 теңге", – деді Ешенқұлов үкімет отырысында.


Шәкіртақыға қосылатын 15% қалай есептеледі – Ғылым министрлігі стипендия мөлшері қандай ретпен өсетінін түсіндірді


Қосымша шәкіртақы төленеді: Қазақстанда университет оқытушыларының жалақысы қалай көтеріледі


Оның айтуынша, кейінгі бес жылда Қазақстанда да гранттар саны 1,4 есе артқан.

2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді: бакалавриат – 77 084, магистратура – ​​13 113, докторантура – ​​2 919.

Ешенқұловтың сөзінше, жатақханадағы орын тапшылығы 2019 жылғы 82 500 орыннан 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 11:34
Талқылау