Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қазанға арналған ауа-райы болжамы

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 1 қазан күні ел аумағында болатын ауа-райын жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 қазан күні республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Дегенмен, ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Өңірлерге келетін болсақ, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі ықтимал. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-4 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Талқылау