Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әртістер өз туындылары үшін ақша ала алмай қалды: Әділет министрлігі шығын мөлшерін жариялады

әншілер

Фото: Pixabay.com

Қазақстандық әртістер авторлық құқық бойынша 30 миллиард теңге ала алмай қалды. Әділет министрінің орынбасары отандық эстрада жұлдыздарының шығындарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бекболат Молдабеков бұл мәселе осы жазда шешілетінін мәлімдеді.

“Әртістеріміз бен продюсерлеріміз 30 миллиард теңге жоғалтты. Біз қазір бірыңғай ақпараттық жүйе құрдық. Ол ашық және барлық келісімшарт осында қолжетімді. Ән теледидарда немесе радиода қанша рет ойнатылса да, әрбір әртіс мобильді қосымша арқылы оның барлығына қол жеткізе алады. Біз оны қаңтар айында іске қостық. Алғашқы төлемдерді маусым-шілде айларында күтеміз”, – деді әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков.

 

Естеріңізге сала кетейік, авторлық құқықты монетизациялау жанжалы өткен жылдың соңында басталды. Содан кейін шамамен 50 әртіс өз шығармалары үшін гонорарынан айырылғанын мәлімдеді. Олардың арасында аты аңызға айналған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы, Латиф Хамидидің мұрагері, композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы және басқа да адамдар болды.

STAN.KZ
Сенбі, 11 Сәуір, 2026 11:15