Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Декрет демалысында отырған қазақстандық әріптестерінен ақша алу үшін бір жыл бойы жақындарын “өлтіріп келген”

Әйел ақша ұстап тұрФото: freepik.com

Астана қаласының Байқоңыр ауданында бір жылдан астам уақыт бойы әріптестерін алдап келген әйелге сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, декрет демалысында жүрген ол жұмыс орнындағы таныстарына ойдан шығарылған “қайғылы” жағдайларды айтып отырған. Кейде анасынан айырылғанын, кейде баласының ауыр науқасқа шалдыққанын жеткізіп, көмек сұраған. Оған сенген әріптестері қол ұшын созып, қаржылай жәрдем берген.

Осылайша, әйел жұрттың жанашырлығын пайдаланып, 2 миллион теңгеден аса қаражат жинап алғаны анықталды.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірген. Сондай-ақ  келтірілген шығынның бір бөлігін қайтарғаны ескерілді. Нәтижесінде оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.

STAN.KZ
Жұма, 10 Сәуір, 2026 11:26