Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)
Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген үйін су шайып кеткенде биліктен көмек сұраған қыздың отбасына үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Бұл туралы кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің желідегі парақшасында жазды.
Кәсіпкер өз әріптестерімен біріге отырып баспанасы су астында қалған тағы 74 отбасына үй алып беру мәселесін көтеріп жатыр.
«Мен барлық достарымды, Қазақстандағы барша кәсіпкерлерді мүмкіндік болса осындай отбасыларға көмектесуге шақырамын. Мен сіздердің назарларыңызды қазір расымен де көмекке зәру ақтөбеліктерге аударуларыңызды сұраймын. Әлі 74 отбасына көмек керек. Сіздер де көмек қолын созыңыздар, мен де созайын. Жасаған жақсылық өзімізге де қайтады» деді өз сөзінде кәсіпкер Қайрат Құдайберген.
Ал желі арқылы өз шерін кәсіпкерге жеткізе білген бүлдіршін қуанғаннан ойындағы бар жақсы сөзін Қайрат ағасына айтты.
« Бұл үй өте үлкен әрі әдемі. Қайрат ағаға үлкен –үлкен алғысымды айтамын. Мен тіпті мынандай үйім болады деп армандаған да жоқпын»,-деді Махаббат.
Публикация от “Labor omnia vincit” (@kudaibergen_kairat)
Махаббаттың анасы қуанғаннан көзіне жас алды. Үйлі болған отбасының туыстары жаңа үйге шашу шашып кірді.
Еске салсақ, 10 жастағы Махаббат Ешімова үйін су басқаннан кейін жылап тұрып биліктен көмек сұраған еді. Оның жан айқайына бейжай қарай алмаған еріктілер Қазақстанның түрлі қалаларынан өз көмектерін жіберіп жатыр екен.
Оқи отырыңыз:
Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр
8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын
Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді
Әпкесінің сыныптасы мен туған ағасы зорламақ болған әйел бала күнгі мұңды естелігін бөлісті