Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

43 жастағы Бауыржан Оспанов бүгінде ұлын жалғыз өзі асырап отыр. Осыдан 5 жыл бұрын некелі жұбайы қайтыс болып кеткен екен. Үш жұмыс қатар істеп, үй шаруасын өз мойнына алып отырған әке, ұлы үшін бәрін жасауға дайын екенін айтты. Мұнымен қатар, аса көп ауыртпалықты сезінбейтінін де жеткізді.

Безымянный

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Биыл 17 шілде күні әйелімнің қайтыс болғанына 5 жыл толады. Ұлым ол кезде 11 жаста болатын. Оған сынып жетекшісі, мектеп психологтары, нағашы әжесі қоңырау шалып, моральдық тұрғыдан көмектесіп отырады. Өзім жеткізе алмаған сөздерімді сынып жетекшісі арқылы жеткізіп отырамын. Мысалы, ұлым құрдастары секілді қымбат киім кигісі келеді. Жалғыз балам болған соң, әрине, алып беремін. Бірақ, кейде “Балам, мынау сәл қымбаттау. Арзандауын алайық” деп айтамын. Сол кезде үндемей тұрып қалып, артынша “Жақсы, әке, кеттік» дейді.

Осындайда іштей ренжігенін сезіп тұрамын. Шыдамай жұмыстағылардан қарыз алып, қалағанын алып беремін. Сөйтіп, балам бір қуанып қалады. Кейде бір нәрсесін алып бере алмай қалсам, іштей қынжылып кетемін. Жалғыз бала болған соң, аздап еркелейтіні рас. Өзі сырын айтпаса да, мектептегі ұстазы айтып отырады. Менімен ашық сырласуға ұялады.  Бір қызға ғашық болып жүр екен. Жұмыстан келген кезде үй шаруасын өзім реттеп қоятынмын. Қазір ұлым өзі кірін жуып қоятын болды. Кейде ұлым бұзықтық жасап, мені мектепке шақырады.

Үйде жалғыз отырған кезде әр нәрсе еске түсе береді. Өзімнің жекеменшік көлігім бар. Екі жерде жұмыс істеймін. Бос уақытымда такси жүргізушісімін. Қазір ұлым отбасын құруыма қарсы емес сияқты. 12-13 жасында төсегін жинамай еркелеген кезде, “Үй жинамасаң, үйге басқа келіншек алып келемін” деп айтатынмын. Осы сөздерімді естіп, жүгіріп барып бәрін жинап қоятын. Биыл 43 жасқа келіп отырмын. Үйленіп, отбасын құруға қорықпаймын. Тек сенімді, өзіммен бірге болатын адамды тапқан жоқпын. Ұлым 18 жасқа толып, әскерге кеткен кезде жалғыз қалмаймын деген ойдамын. Қиналып жүргенім жоқ, керісінше бақыттымын. Өмірімді ұлыма арнап келемін. Ал жауапкершіліктен қашатын ер азаматтарды түсінбеймін, түсінгім де келмейді. Қазір әйелдің арқасында күн көру сәнге айналып кеткен сияқты. Жастар махаббатқа емес, дүние-мүлікке қарайды. Олар жүрекпен сүю дегенді ұмытты”, – дейді Бауыржан Оспанов.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы “Үшбу хат” парақшасы арқылы Бауыржан мырзаға әйел тауып беруге уәде етті.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық келіншек 8 жылдан бері алименттен қашқан күйеуін іздеп жүр

Жас келіншек қорқытып ұстап отырған күйеуінен қалай қашып кетерін білмей жүр

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасаған абысынын жөнге сала алмай жүр

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Талқылау