Үнді махараджа патшайымдарының ғасырдан астам қол тимеген суреттері (фото)
Сирек кездесетін суреттерді Раджстан астанасы Джайпур қаласының патшасы Рам Сингх ІІ түсірген. Бұл суреттер 1835-1880 жылдары махараджаның басқару кезеңіндегі патша сарайының жарқын өмірін елестетеді.
Сингх суретке түсірумен айналысқан. Ол достары мен патша мәдениетін, әйелдерін, қонақтарын, кедей тұрғындарды фотоға түсіріп отырған, деп жазады Daily Mail.
Рам Сингх таққа отырғанда өзі әлі ала еді. Ол бала күнінен қолайлы өмірді аңсап өскен. Сондықтан оның басқару кезеңінде Үндістан заманауи қалалардың біріне айналды. Мұражай мен мектептер салынып, су тартылды.
Басқарушы үнемі қаланы аралап шенеуніктер мен жұмысшылардың қалай жұмыс істеп жатқанын қадағалап жүретін. Рам Сингх көп уақыт мәдени орындарды аралап, фотоаппаратымен суретке түсумен айналысты.
Махараджадағы әйелдердің бірі
Гаремдегі әйелдің екі еселенген суреті. Джайпур патшасының әйелдерінің сұсты болған.
Егде жастағы әйелдің гаремнің қызметшісі екені байқалады.
Бейбақтың портреті
Патша сарайының күзеті
Махараджаға тиесілі жылқының бірі
Патша сарайының қонақтары мен жергілікті тұрғындарының топ болып түскен суреті
Раджстандағы әскерде борышын өтеушілер

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
