Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым нағашыларының қолында": Дидар Кәден өзінің қандай әке екенін айтты

Танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден “Өмірдің өзі” бағдарламасында бірінші некесінен туған ұлы мен отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Өзімді керемет әкемін деп айта алмаймын. Себебі, үлкен ұлым анасының, нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатыр. Апта сайын кездесіп тұрамын. Әкелік борышымды орындаймын, материалдық жағын айтпағанда, тәрбиемді беремін, ақылымды айтамын. Түздің адамы болған соң көбіне той-томалақпен басқа қалада жүресің. Осыдан бір апта бұрын қызым бір жасқа толып, той жасадым. Сонда айналамдағылардан маған көмектеспеуін өтіндім. Өзім жасап көрмек болдым. Тамағынан бастап, асабасына дейін өзім ұйымдастырып көрдім. Еріншектігім бар, жұмыспен жүріп ұмытып кетемін, жұмыста болсам, қажетті ақшасын жібере саламын. Негізі ақша жібере салу – әкелік борыш емес. Баланың қасында болу, қыдыру деген сияқты дүниелер менің қолымнан келмей жатады. Бірақ мен барынша тырысамын. Сенбі, жексенбі күндері ұлым келеді. Ұлымды, анамды, қызым мен әйелімді алып сауда орталықтарына, мейманханаларға, тауға барамын. Кешке тойым болса, сол жандармен кешке дейін уақыт өткіземін. Ұл-қызыма ертегі оқимын, жанында жатамын деп айта алмаймын. Менің ойымша, біріншіден, ер азамат отбасын асырауы керек”, –дейді Дидар Кәден. 

Айта кетейік,  Дидар Кәден бірінші әйелі блогер Айым Алтынбековамен 2015 жылдың қарашасында шаңырақ көтеріп, Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойын дүркіреп өткізген еді. Алайда араға бір жарым жыл салып ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Бүгінде олардың ортақ Дияр есімді ұлы бар. 2021 жылы Дидар Кәден екінші рет үйленді. Оның бұл жолы таңдауы Лейла есімді биші аруға түскен. Олар Дәлилә есімді қыз тәрбиелеп отыр.

Талқылау