Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Етеккірі келгендіктен туыстары сарайға қуып жіберген қыз көз жұмды

Непалда полицейлер етекірі келгендіктен сарайда отырып көз жұмған 15 жастағы қыздың өлімін тексеріп жатыр.

_93057536_gettyimages-136061099

Полицейлердің болжамынша, Рошани Тирува сарайда жылыну үшін от жақпақ болған, деп хабарлайды BBC.

Қыздың денесі өткен демалыс күні табылды. Оқиға Ачхам ауданыныдағы кішігірім ауылда болған.

Ежелгі үнді дәстүрінің нанымынша, әйелдер етекірі келгенде және босанғаннан кейін «таза емес» деп есептеледі.

Непал билігі бұл дәстүрге 2005 жылы тыйым салды. Алайда, кей өңірлерде бұл дәстүрді әлі де ұстанады. Олар егер етеккірі келген қыз-келіншектерді сыртқа шығарып тастамаса бақытсыздық болады деп ойлайды. Мәселен, табиғи апат болуы мүмкін деп топшылайды. Етеккірі келген кезде қыздарға тамақ бермейді. Сүт ішуіне тыйым салады. Малдардың қасына да жатқызбай, ауылдан жыраққа қуып жберетін де кезі болады.

Көптеген әйелдер жазда күн астында қалып, қыста аязда үсіп жатады. Сонын салдарынан кейін психикалық ауруға шалдығатындары да кездеседі.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен iPhone алып бермейтінін білген соң жігітті өзін зорлады деп айыптады

Алып егеуқұйрықтар анасы жалғыз тастап кеткен үш айлық баланы шайнап өлтірді

Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім

Жұрт 800 мың теңге жалақы алатын жігітті «кедей» деп менсінбеген актрисаны айыптады

Талқылау