Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді
Жақында тағы әке атанған әнші Бүркіт кенже қызына әдемі ат қойды.
“Бисмилляһ! АЛЛАҺтың қалауымен дүниеге келген сәбиіміздің есімін Сафия ( Safiyyah) деп қойдық! Қуыршағым менің, денсаулығың мықты болып, xалқыңның сүйікті қызы болып өс! Инша Аллаһ”, – деп жазады әнші желіде.
Әнші жарын перзентханадан шығарып алғанымен қызына есім қойып үлгермегенін айтқан болатын.
«Есімін әлі қойған жоқпыз. Біз атасы мен әжесінен сұрап көреміз. Отбасымызбен ақылдасамыз. Содан кейін Құдай қаласа көрерміз. Бізде бірінші ұлымызда туылған кезде екі апта есімсіз жүрді. Үйде бала, балақай деп қана қоятынбыз (күледі)», – дейді Бүркіт.
Бүркіт қызды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұраған еді. Бұған дейін Аиша қызын суда босанғанын айтқан еді. Перзентінің кіндігін әкесі кескен.
Желі оқырмандары мен әріптестері Бүркіт пен Аишаны жарыса құттықтап жатыр.
Тағы да оқыңыз:
“Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды (видео)
Ақботаның үшінші күйеуі ажырасып кетті деген қауесетке жауап берді
“Сізден басқа жоқ Құдай” деп елбасына өлең арнаған ақынға Жан Ахмадиев жауап рэп шығарды