Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт көптен күткен қызының кіндігін өзі кескен

Күні кеше жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның отбасы тағы бір жанмен толықты. Аиша екі ұлдан кейін, көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелді. Instagram желісінде әріптестері мен жанкүйерлері жұлдызды жұпқа толассыз хаттар жолдап жатыр.

Бүркіт көптен күткен қызының кіндігін өзі кескен

Күні кеше қызды болған Аиша Comode басылымына сұхбат берді. Бұған дейін Аиша үшінші сәбиін суда босанатынын айтқан.

«Түнгі сағат үште толғағым басталды, сосын күйеуім екеуміз перзентханаға бардық. Сағат 10.15-те босандым. Бұл жолы толғағым ұзақ болды. Мүмкін қыз балада сондай болатын шығар. Ең ауыр толғақтарды арнайы бассейнде өткіздім. Әжептеуір жеңіл өтті десем болады. Қызым бірден суға түсе алмады, себебі біз суды ауыстырмақшы болдық. Бірақ енді ол маңызды емес, бастысы ол дүниеге келді және біз оны қатты жақсы көреміз.

Серіктесе босанған жоқпын, бірақ қызымның кіндігін әкесі кесті. Бұл менің қалауым еді, ал ол қолдады. Дәрігерден қарағанда, өз әкесі кескені өте жақсы деп ойлаймын. Оның да бір маңыздылығы бар. Әкесі символикалық түрде баланың дүниеге келуіне, оның анасынан бөлініп, өмірден орын табуына септігін тигізеді. Ол да жанымызда», – дейді Аиша.

Бұдан бөлек, Аиша уақытынан кеш босанғанын атап өтті. Ол үшінші сәбиін сәуірдің 8-і күні босануды қалапты. Себебі:

«Қос ұлымыз да 8-і күні туған, Зейін қазан, ал Омар қаңтар айында. Бірақ ештеңе етпейді. 17 – ол 1+7, оның қосындысы 8-ге тең. Оның үстіне күйеуімнің туған күні – 17 шілде. Сондықтан бұл күнге де ризамын, ең бастысы – денсаулық», – деп атап өтті Бүркіттің келіншегі.

Аиша әлі қызына есім таңдап үлгермегенін айтты. Бұл орайда ол отбасымен, ата-анасымен ақылдасып барып, шешім шығаратындарын жасырмады. Сондай-ақ, Бүркіттің әйелі толассыз құттықтаулар жолдап жатқан барша қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

Еске сала кетейік, күні кеше Бүркіт сүйінші хабарды халыққа өзі жеткізген болатын.

Тағы оқыңыз: 

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты (видео)

Алуа Қонарова Ayumi тобының экс-әншісімен татуласып, көпшілікті қуантты (видео)

“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

Қыз тәрбиесі туралы айтқан Дәурен Айдарқұлов сынға қалды

Талқылау