“Үш баланың анасы”: Тахмина Әшімбекова қазір қайда жүр?
Сахнадан көрінбей кеткен жұлдыздардың бірі – Тахмина Әшімбекова. Бір кездері қазақ эстрадасының жарық жұлдызы болған өнер иесі бүгінде өзін отбасына арнаған. Өзі соңғы 10 жылда үш баланың анасы атанып үлгерген.
Бұл туралы КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
Әшімбекова бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
“Үлкен ұлым – 10 жаста, екінші ұлым – 6 жаста, тағы кішкентай қызым бар, ол 2,5 жаста”, – деп атап өтті Тахмина.
Әйткенмен әнші өзін өнерден алыстап кетті дегендермен келіспейді. Әнші ара-тұра болса да жаңа әндер жазып, халыққа ұсынып жүргенін айтады. Алайда жарнаманың аздығынан, ол әндер елге тарап үлгермей жатқан көрінеді. Себебі пиармен айналысуға уақытым жоқ, дейді өзі.
“Мен өнерден кеткен жоқпын. Жылына 10 концерт болса, соның үшеуіне қатысамын. Шақырған жерден қалмаймын. 5-6 мамандықтың иесімін, үйде өзім педиатрмын, бастауыш мектептің мұғалімімін, өзім суретшімін. Бәріне үлгеріп бағып жатырмын. Балаларым енді өсіп жатыр. Бұйрса жаңа әндер шығып жатыр”, – дейді Әшімбекова.
Сондай-ақ, әнші өнеріне қолдау көрсетіп жүрген өмірлік серігі жайлы да айта кетті.
“Менің жолдасым өнерді қатты түсінеді. Мен білмейтін әндердің авторларын біліп отырады. Соның қолдауымен, 30-40 пайыз өнерде жүргенім. Ол кісінің негізгі мамандығы – экономист. Бірақ өз мамандығымен жұмыс істемейді, өзінің басқа жұмысы бар”, – дейді Тахмина.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.