Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнемі сексуалдық қозуда жүретін 23 жастағы бойжеткен үйден шықпайтын болған

23 жастағы АҚШ тұрғыны Аманда Маклафлин мүлдем үйден шықпайды, себебі ол сирек кездесетін – сексуалдық қозу синдромына шалдыққан.

a4fd9e7a28ff84722e708e8ec48c0979__1440x

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror хабарлады.

Бұдан өзге, қозу барысында Аманданың аяғы мен жамбасы ауырады. Сүйікті жігіті Аманданың қасіретін жеңілдетуге қанша тырысқанымен, сексуалдық ахуал бәрібір қайтар емес.

«Егер бұл проблема болмағанда, өмірім мүлдем басқаша болар еді. Қазіргіден әлдеқайда бақытты болар едім. Үнемі қозу жағдайында жүретінім тіпті де күлкілі нәрсе емес. Алайда сүйген жігітім бұл үшін мені еш айыптаған емес», – дейді Аманда.

Мичиган штатының дәрігерлері америкалық қызға көмектесуге дайын. Дәрігер Приянка Гупттың айтуынша, қыздың жарасын жеңілдететін дәрілер бар. Ал аурудан айығу ұзаққа созылады дейді ол.

Диагноз қойылғанға дейін, ата-анасы Аманданы секске тәуелді боп қалған деп ойлаған. Бұрынырақта солай ойлағаны үшін анасы өзін кінәлі сезінеді екен.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі әуе шарымен аспанға көтерілді (фото, видео)

Мысырда пойыз апатынан қаза болғандардың мәйітін көрген шенеуніктің жүрегі тоқтап қалды

Полицейлер орамалын шешкізген мұсылман әйелге 85 мың доллар өтемақы төлейтін болды

Ұры дәретхана суын ағызбағаны үшін түрмеге отырды

Талқылау