Ұры дәретхана суын ағызбағаны үшін түрмеге отырды

Жұма, 11 Тамыз , 2017 8:50

Дәретхана суын ағызбай кеткен америкалық ұры ол жерден қылмысын айғақтайтын дәлел қалдырып кеткен. Оқиға Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында орын алған.

pic_d28f80abad6e7cb2277a41a6d79ad00c

Бұл туралы шетелдік UPI басылымы хабарлады.

2016 жылдың 7-қазанында ұры жеке үйге басып кірген. Аларын алған соң сол үйдің дәретханасын пайдаланған ол суды ағызуды ұмытып кеткен. Ал тергеушілер нәжісі арқылы оның кім екенін анықтаған.

ДНҚ сараптамасы арқылы тәртіп сақшылары 42 жастағы Эндрю Дженсенді қолға түсірді.

Эндрю бұған дейін де істі болғандықтан, оның ДНҚ-сы жайлы ақпарат ФБР базасында сақталған екен.

«Көпшілік ДНҚ-ны тек шаш пен сілекейден алуға болады деп ойлайды. Алайда олай емес. Біз қылмыскер қалдыруы мүмкін деген кез келген дәлелді іздейміз. Тіпті, шегілген темекі мен тасталған құтыға дейін зерттейміз», – деп түсіндірді детектив Тим Ломан.

Бұдан кейін Дженсен құрықталып, ол үшін 70 мың АҚШ доллары көлемінде кепілдеме төлеуге болатыны жария етілді.

Жіберіп алмаңыз:

Әуе компаниясы ұшақта ашық-шашық киінуге тыйым салды

Швецияда өткен гей-парадта Қазақстан азаматтары көк туды алып шықты (фото)

Үндістанда сот зорланған 10 жасар қыздың аборт жасауына тыйым салды

Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар